Ресейдің Бас консулын қабылдаған Б.Байбек Алматының инвестиция тартудағы мүмкіндігі мол екенін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы Алексей Деминді қабылдады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейту бағыттарын талқылады. Мегаполис басшысы Бауыржан Байбек Қазақстанның қаржы, ғылым және туризм орталығы болғандықтан Алматының инвестиция тартуда мүмкіндігі мол екендігін атап өтті. «Бүгінгі күні біз қалада кіші және орта бизнесті одан әрі дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аударудамыз. Алматыға инвестиция тартуда ЕАЭО-тың берері мол болмақ», - деді Б.Байбек. Өз кезегінде Алексей Демин қала әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар