Ресейдің әуе-ғарыш күштері Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін тасымалдап жатыр

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мен осы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, 2022 жылдың 6 қаңтарында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась пен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті.

С.Зась Қазақстан Республикасындағы жағдай туралы айтып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін елімізге ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгерлік күштерін жіберу туралы шешімінің қалай орындалып жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің әскери-көлік ұшақтарымен бітімгерлік күштері жеткізіліп жатыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің басты міндеті маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, ҚР құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандырып, заңның үстемдік етуін қамтамасыз етуге көмектесу.

Нарынбек Ысмағұлов


Соңғы жаңалықтар