+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ресейдің Астрахан облысында екі қазақ тілі кабинеті ашылды

2019 жылғы 19 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Ресейдің Астрахан облысында екі қазақ тілі кабинеті ашылды

АСТРАХАН. ҚазАқпарат – «Отандастар» қоры Ресей Федерациясы Астрахан облысының екі ауданында қазақ тілін оқытатын кабинеттер ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр

«Никита Ысқақов атындағы Семибугорен орта мектебі» муниципалды қазыналық жалпы білім беру мекемесі қазақ тіліне арнап жеке кабинет бөлді. Ол кабинетте қазақтың ұлттық мәдениеті, өнері, әдебиеті, тұрмыстық бұйымдарымен танысуға болады. Қор өкілі Сәби Түйтебеков аталған кабинетке Қазақстаннан арнайы әкелінген сыйлық-«Қастерлі қалам» кітабын сыйлады. Кабинет Отандастар Қорынан теледидар, видеокамера, ноутбук тәрізді құнды сыйлықтар жеткізілгеннен соң ашылады. Мектеп директоры Римма Ибрагимова Қазақстаннан арнайы келген қонақты ыстық ықыласпен қарсы алып, қандастарға қамқорлығы үшін Қор мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына алғыс айтты», - делінген баспасөз баянында.




Осындай екінші кабинет Володар ауданы Калинин ауылында ашылады. Академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы Калинин орта мектебінің директоры Арман Нұрлиевтың айтуынша қазақ тілі кабинеті Қор сыйлаған ең заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Айта кетейік, Астрахан облысында ресми дерек бойынша 160 мың этникалық қазақтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Мәселен, Калинин ауылы тұрғындарының 99,9 пайызы қазақ. Олар ұлттық салт-дәстүрді сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда. Қордың ауыл мектебінде қазақ тілі кабинетін ашуы шет елдегі қандастарымызды тарихи отанымен бұрынғыдан да жақындастыра түспек.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің Түмен облысында қазақ сыныбы ашылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, Білім, Тіл, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT