Ресейдің Астрахан қаласында «Домбыра күні» өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл күй атасы Құрманғазының 195 жылдығына орай астрахандықтар «Домбыра күнін» атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Астрахан жеріндегі Құрманғазы Сағырбайұлының мұражайына барған Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы консулы Қанат Шекқалиев пен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорынан келген өкілдер қалада «Домбыра күні» өткізілетінін мәлім етті.

Қанат Мағатұлының айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтау, қайта жаңғырту мақсатында көптеген шаралар өткізіледі.  

Сондай-ақ, осы күндері Астрахан жұртшылығы «Астана - Ұлы даланың маржаны» тақырыбындағы сурет көрмесін тамашалай алады. Көрмеде елорданың ғажайып түрлі ғимараттарының 60-тан астам суреті көпшілікке ұсынылады. Суреттер ішінде ерекше әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы - Ақорда көрсетілген. Ол әлемнің ең әдемі президенттік сарайлардың үздік ондыңына кірген. Сонымен қатар, ғаламшардағы эпостық ғимараттардың 90-на енген, елорданың басты бренді - «Бәйтерек» және Астанадағы ЭКСПО - орталықтағының бірегей ғимараттардың бірі - сфера пішіндес диаметрі 80 метр «Нұр-Әлем» павильонының суреттерін тамашалауға болады.

Сондай-ақ белгiлi британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған елорданың ерекше ғимараттары - Бейбітшілік және келісім сарайы - Пирамида, Назарбаев орталығы, шатыр формасындағы әлемдегі ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің  рекордтар кітабына енген «Хан Шатыр» сауда-сауықтыру кешені де бар.  

Соңғы жаңалықтар