Ресейдің әскери теңіз флотына дельфиндер мен су мысықтары қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дельфиндер мен су мысықтары Ресейдің әскери теңіз флотының жауынгері қатарына қабылданды. Ендігі кезекте олар су түбіне батып кеткен заттар мен әскери техниканы тауып, әскери сүңгуірлерді анықтайтын болады. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.

Севастополь мемлекеттік океанариумындағы сүңгуір жануарлар Ресей флотының мүддесіне сәйкес жаңа бағдарлама бойынша жаттығатын болады. Бұрын афалин-дельфиндер кеңестік бағдарлама бойынша Украина әскери теңіз флоты үшін даярланатын.

«Океанариум инженерлері дельфиндердің су астында қызмет етуі үшін жаңа құрылғылар мен жаңа әдістер пайдаланылатын болады. Украина ӘТФ-да мұндай техника жоқ болатын. Сол үшін көптеген жобаларды жабуға тура келді», - деп мәлімдеді океанариум қызметкерлері.

Олардың айтуынша, дельфиндердің әскери жарақтары әбден ескірген екен.

Қазіргі таңда әлемде әскери дельфиндерді пайдаланатын 2 база бар. Олардың бірі - осы Севастополь болса, екіншісі - АҚШ-тың «Сан-Диего» әскери базасы.

Соңғы жаңалықтар