Ресейдің әскери академиясында Бауыржан Момышұлы атындағы дәрісхана ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің А.В. Хрулев атындағы Материалдық-техникалық қамту әскери академиясында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы есімімен аталатын дәрісхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соғыстан кейінгі жылдары Б. Момышұлы академияда бес жыл дәріс оқып, әскери өнерді дамытуға сүбелі үлесін қосты.

Батырдың есімімен аталатын дәрісхана барша заманауи талаптарға жауап береді, қабырғаларға Б. Момышұлының өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер, қанатты сөздері ілінген.

Аталған оқу орнында көптеген қазақстандық офицерлер білім алып, қазіргі кезде Қазақстан Респубикасы Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп жүр.

Соңғы жаңалықтар