Ресейдің Алматыдағы Бас консулы: Баршаға ортақ зұлымдықпен тағы да бетпе-бет кездестік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Бас консулы Алексей Демин Санкт-Петербург қаласында болған теракті кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің қайғысына ортақтасқан қазақстандықтарға, алматылықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Санкт-Петербург қаласында болған қанқұйлы террорлық актіде қаза тапқандар үшін шын жүрегімен қайғырып, қазамызға ортақтасқан қазақстандықтарға, алматылықтарға алғысымызды айтамыз. Соңғы мәлімет бойынша, 14 адам қаза тауып, 8 адам ауыр жағдайда жатыр. Ауруханаларда 45-тен астам адам бар. Зардап шеккендер арасында өзге елдердің де азаматтары бар. Ресей Федерациясының 17 аймағының тұрғындары теракт құрбаны болды», - деген Бас консул лаңкестіктің баршаға ортақ зұлымдық екенін айтты.

«Біз, баршаға ортақ зұлымдықпен тағы да бетпе-бет кездесіп отырмыз. Былтыр Қазақстанда, Алматы мен Ақтөбеде болған терорлық жағдайларды баршаңыз білесіздер.

Президент: «террористік оқиғалар бойынша кінәлілер, атап айтқанда орындаушылар, тапсырыс берушілер, табылмай қалған бір де бір жағдай болған жоқ» деп айтқан болатын. Сондықтан, біз олар лайықты жазасын алады деп сенеміз», -деді Алексей Демин.

Айта кетейік, бүгін алматылықтар Санкт-Петербург қаласында болған терактіге байланысты қаза тапқандар мен жапа шеккендердердің қайғысына ортақтасып, Ресей Федерациясының Бас консулдығының алдына гүл шоқтарын қойды .

Соңғы жаңалықтар