Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы 38 рейсті тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты «Шереметьево» әуежайынан 26 және 27 қаңтар күндері ұшуы тиіс 19 рейстті және кері бағыттағы сонша рейсті тоқтатты, деп хабарлады әуе компаниясынан.

26 қаңтар күні «Шереметьеводан» Иркутск, Красноярск және Новосібірге және одан кері қарай ұшатын үш рейс тоқтатылды.

27 қаңтарда әуе тасысмалдаушысы «Шереметьеводан» 16 рейсті тоқтатты, соның ішінде 9-ы Рим, Франкфурт, Дрезден, Варшава, Рига, Тиват, Таллин, Алматы, Минск қалаларына ұшатын халықаралық рейстер. Ішкі рейстерге келетін болсақ, әуе тасымалдаушысы Самара, Нижнекамск, Нижневартовск, Нижний Новгород, Калининград, Ростовқа ұшатын рейстерді тоқтатты. Кері бағытта ұшуы тиіс рейстер де тоқтатылған.

m24.ru ақпаратынша, әуе компаниясы тоқтатылған рейстердің жолаушылары келесі рейстермен жеткізілетінін хабарлады. Бұдан басқа, 27 қаңтар күні «Шереметьеводан» 10 рейстің, соның ішінде Копенгаген, Вена, Прага, Стокгольмға ұшатын рейстердің ұшу уақыты өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар