Ресейдің 74 өңірінен шошқа тұмауы анықталды

None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде шошқа тұмауы анықталған өңірлер саны 74-ке жетті. Бұл туралы Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

29 қарашада ведомство шошқа тұмауы Ресейдің 55 аймағынан анықталғанын хабарлаған еді.

«Шошқа тұмауы РФ-ның 74 аймағынан анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін ведомство тұмау және ЖРВИ жұқтырушылар көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада 23,3%-ға өскенін хабарлаған болатын. Ресейде 72,4 миллионнан астам адам, яғни ел халқының 49,5%-ы тұмауға қарсы екпе салдырған.


Фото: tass.ru

Соңғы жаңалықтар