+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Ресейдің 3 қаласында Абайға арналған көрме өтеді

2020 жылғы 13 ақпан 16:42
Бөлісіңіз:
Ресейдің 3 қаласында Абайға арналған көрме өтеді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдығы аясында Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында ақынға арналған көрме өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Абай мерейтойына орай СҚО ақындарының мүшәйрасы өтті Семейде Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме ашылды Полицейлер арасында «Абай оқулары» байқауы өтті - Қарағанды облысы

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтөбе қалаларында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өткізілген. Бұл жайлы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір мәлім етті.

«Алдағы уақытта Алматы, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және тағы басқа бірнеше шаһарда, сонымен бірге Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында музей қорынан көрме ұйымдастырылатын болады. Семей қаласында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Абайдың таңдамалы шығармаларының 4 тілдегі жинағы (қазақ, орыс, қытай, ағылшын), музей туралы альбом-кітап, буклеттер дайындалмақ», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінетіндігі хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT