Ресейден жоғары білікті мамандар ағылса, Қазақстан бұдан тек ұтады – Мәжіліс спикері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ресейліктердің Қазақстанның еңбек нарығынан орын табуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ахуалдың жағымды қыры да бар. Егер бізге жоғары білікті мамандар келіп, өз орнын тауып жатса, бизнес ашып, жұмыс орындарын құрса, салық төлеп тұрса, Қазақстан бұдан тек ұтады.

Әрине, бәсеке артады. Біздің бизнес бәсекеге үйренуі керек. Бәсеке болған жерде одан халық ұтады. Тауардың, қызметтің сапасы артады деген сөз», - деген Мәжіліс төрағасы әзірге Ресейден бизнес алпауыттары келіп жатпағанын атап өтті.

«Мен inDriver компаниясының ғана Мәскеудегі кеңсесі бізге өткенін білемін. Менің білуімше inDriver-дің 600 қалада өкілдігі бар. Олардың келуінен бізге жаман болды ма, әлде жақсы болды ма?», - деді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ, ол Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты.



Соңғы жаңалықтар