Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ресейден ұрланған көліктер Қазақ-Өзбек шекарасында ұсталды

2019 жылғы 17 шілде 10:43 399
Бөлісіңіз:
Ресейден ұрланған көліктер Қазақ-Өзбек шекарасында ұсталды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында көлік ұрлаушылар жарты сағат ішінде ұсталды Петропавлда нашақор әкесінің көлігін айдап әкетіп, сатпақ болды

Өткен түнде Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек авто» бөлімшесінде Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігі ұсталды.

«Тексеру кезінде оның Ресей Федерациясында іздеуде жүрген автокөлік екені анықталды. Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.

Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полиция қызметкерлеріне табысталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT