Ресейден көшіп келген ІТ маман Қазақстандағы өмірдің оң-теріс тұстарын айтты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – BigData Team компаниясының негізін қалаушы және директоры Алексей Драль Қазақстандағы күнделікті өмірінде кездесетін артықшылық пен кемшілікті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған шындығында ІТ жүйесінің дамығаны ұнады. Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, электронды цифрлы қолтаңба кілтін аласыз. Оның көмегімен көптеген тірлігіңізді тындыра аласыз. Бұл - өте тамаша артықшылық. Ал кемшілікке келер болсақ, ол – білімсіздік. Яғни, сіз бір дүние жасату үшін аталған кілтпен орталыққа келсеңіз, мамандар «кілтіңізді беріңіз, мен жасап берейін» дейді. Бұл «кілтіңізді беріңіз, пәтеріңіздің терезесін жуып берейін» деген сияқты. Мұның қауіпті екенін бәрі бірдей түсіне бермейді», - деді ол елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.

Сонымен қатар ресейлік елімізде өзіне берілген мүмкіндіктерге тоқталып өтті.

«Осы жерге келгеннен кейін Астана хаб қатысушысы болғаныма, білім беруде түрлі қолдау бағдарламаларын ықпалдастыру мүмкіндігін алғаныма шексіз ризашылығымды білдіремін. Яғни, бұл - кадр дайындап шығару үшін тамаша бастама. Биыл біз сол бағдарламаның қатысушысы болдық және әріптестерімізді үлкен мәліметпен жұмыс істеуге үйретеміз», - деді Алексей Драль.


Соңғы жаңалықтар