Ресейден келген циклон салдарынан СҚО-да күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланып, түнде ауа температурасы -6 градусқа дейін суытатыны жайында смс-хабарлама таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша бүгін 7 мамырға қараған түні СҚО аумағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

6-8 мамыр аралығында түнде сынап бағанасы +10 градустан -6 градусқа дейін төмендемек.

Ауа райына қатысты «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы түсінік берді. Мамандардың айтуынша, күн райының бұзылуына Ресейден келе жатқан циклон себеп.

«Ресейдің еуропалық бөлігінен келе жатқан солтүстік-батыс циклонының әсерінен өңірде қолайсыз ауа райы қалыптасады. Ауа температурасы күндіз және түнгі уақытта да тұрақсыз болып, күрт күн суытуы мүмкін. Жауын-шашын мен суық ауа райы қауіпті құбылыстарды тудыруы мүмкін. Бұл жайында тұрғындарға ескерттік», - дейді синоптиктер.

Бүгін Петрпавлда дауылдатып тұр. Мамандардың айтуынша, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 12 метрге дейін жетсе, кей жерлерде 25 м/с жеткен.

Облыс аумағында желдің екпіні секундына 6 метрден 16 метрге дейін, кей жерлерде 26 метрге дейін жетті.


Соңғы жаңалықтар