Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналық елордада тұруға өтініш берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елорда аумағында тұруға 48 Ресей азаматы және 10 Украина азаматы (3 отбасы) «босқын» мәртебесін алуға өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басталғалы 48 Ресей азаматы елорда аумағында тұруға өтініш білдірді. Ал Украина бойынша биылдыққа 10 азамат (3 отбасы) «босқын» мәртебесін алуға ниет танытты. Одан бөлек, 2 ауған, 2 ҚХР азаматы «босқын» мәртебесін сұрап отыр. Олардың өтініші ҚР көші-қон туралы заңы аясында қаралады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өтініш берген шетел азаматтарының осында туыстары бар.

«Осы тұста ескеретін жайт, оларға Қазақстанның азаматтығы берілейін деп жатқан жоқ. Осыны шатастырмаған жоқ. Өтінім берушілер Қазақстанға уақытша тұруға және «босқын» мәртебесін беруді сұрап отыр. Ал азаматтық алу үшін біздің елде кемінде 5 жыл тұруы керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, биыл наурыздың соңында қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау шаралары аяқталды.

Сондай-ақ, Украинаға Қазақстан атынан гуманитарлық көмектің екі партиясы жіберілді.


Соңғы жаңалықтар