Ресейден келетін импорт Қазақстанда 30 пайызға қымбаттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайлов еліміздегі инфляцияға ықпал еткен теріс факторларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл геосаяси жағдайға қатысты инфляцияның жоғары қарқыны бүкіл әлем үшін проблемаға айналып отыр. Атап айтқанда, АҚШ пен Еуролық одақ соңғы 40 жылдағы инфляцияның рекордтық деңгейіне тап болды, яғни шамамен 10%. Ал, азық-түлік тауарлары үшін одан да жоғары деңгейде байқалды. Көрші елдерде де инфляцияның жоғары деңгейі тіркелді, шамамен 14% -15% болды», - деді Ә. Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, инфляцияның жоғары болуына энергетикалық ресурстарға, минералды тыңайтқыштарға, азық-түлік тауарларына бағаның өсуі және көлік логистикасының проблемалары ықпал етті.

«Біздің жағдайда Ресей Федерациясына импорттың күрт төмендеуіне байланысты РФ рублінің долларға және тиісінше теңгеге қатысты 30%-ға күрт нығаюы кері әсерін тигізді. Ресейден Қазақстанға келетін барлық импорт автоматты түрде 30%-ға қымбаттады. Ал, біздің жалпы импортта Ресейдің үлесі 40 пайызға жуықтайды. Бұл теріс факторлардың барлығын былтыр республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде болжай алмағанымыз анық», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар