Ресейден Қазақстанның солтүстігі мен шығысына газ тарту келіссөзі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресеймен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты келісөздер жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нәтиже бар. Біз техникалық параметрлеріне, коммерциялық параметрлеріне қатысты нақты келіссөздер бастауды уағдаластық. Яғни, газ құны, құбыр тарту негіздемесін әзірлеу үшін қажетті газ тұтынудың ең төменгі көлемі туралы мәселелер қозғалады. Өткен аптада ғана «Газпром-экспорт» басшылығымен кездесіп, бұл мәселелерді талқыладық» - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев елімізде орын алған дизель тапшылығының басты себебін және нарықты тұрақтандыру үшін көрші елден 146 мың тонна дизель отыны экспортталғанын атағанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар