Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 2,5 есеге өсті
2022 жылғы 26 мамыр 12:46

Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 2,5 есеге өсті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2022 жылдың көктемінде Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Бұл туралы OneTwoTrip саяхатты жоспарлау сервисінің зерттеу нәтижелерінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қырғызстанға сұраныс 25%-ға төмендеді, Қазақстанға сұраныс 2,5 есеге артты, Өзбекстанға өзгеріссіз күйінде тұр, БАӘ 35%-ға, Беларуське 2,6 есе артты, Әзірбайжанға 9% кемісе, Грузияға 40%-ға көбейген», - деді сарапшылар.

Компанияның мәліметінше, шет елдер арасында осы көктемде Армения, Түркия және Тәжікстан көп сұранысқа ие болды. Бұл ретте Арменияға ұшуға деген сұраныс шамамен 37%-ға төмендеді, ал Түркияға ұшу 11%-ға өсті. Көктемде шетелге ұшудың орташа құны бір адамға бір бағытта 25 мың рубльді құрады.


Jańalyqtar

MURAǴAT