Ресейден арзан көлік: Семей тұрғыны алаяққа 2,8 млн теңгесін беріп қойған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны арзанға көлік алмақшы болып, алаяқтың арбауына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 52 жастағы ер адам бейтаныс біреудің өзін алдап соққанын айтқан. Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушіге Ресей Федерациясынан «Land Cruzer» автокөлігін нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағаға әкеліп беруге уәде еткен. Бұған сенген азамат оған 2 800 000 теңгесін бере салған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар