Ресейден әкелінген көлікті сатып алған қазақстандық  шығынға батты
2021 жылғы 28 қараша 09:33

Ресейден әкелінген көлікті сатып алған қазақстандық шығынға батты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны Ресейде іздеуде жүрген көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 қарашада Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Арыз берген әйелдің сөзінше, 2021 жылдың шілде айында Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны оған Ресей Федерациясында ұрланғаны үшін іздеуде болған «Nissan Sunny» автокөлігін сатқан. Бұдан әйелге 1 миллион 50 мың теңге шығын келтірілген.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 196-шы бабы 3-ші бөлігі «көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ведомстводан.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT