Ресейден әкелінген көліктерді кімдер мемлекеттік тіркеусіз тізгіндей алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің саудалық емес айналымдар басқармасының бас сарапшысы Нұрлан Намысов Ресейден әкелінген көліктерді пайдалану жөніндегі кедендік талаптар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық кодекстің 264-бабының 1-тармағы бойынша, шетелден жеке пайдалану үшін әкленген көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бір жыл көлемінде ғана жүруге рұқсат берілген. Мысалы, шетел азаматтары біздің елге өз көлігімен жұмыс бабы бойынша немесе басқа себептермен келсе, осы бапқа сүйеніп, Қазақстан аумағында бір жыл жүре алады. Осы баптың 6-тармағы бойныша шетел азаматтары бұл көлікпен өздері ғана жүре алады. Яғни, декларанттың өзіне ғана жүруге рұқсат берілген. Қазақстан азамттарына сенімхатпен немесе басқа жолмен беруге болмайды», - деді ол бейнеконференция форматында өткен онлайн брифингіде.

Комитет сарапшысының түсіндіруі бойынша, қазақстандықтар мұндай көліктерді пайдалану үшін бүкіл кедендік алым-cалықтарды төлеп, мемлекеттік тіркеуге қояғаннан кейін ғана тізгіндей алады.

«Мұндай көлік құралдарын Қазақстан азаматтары сатып алған жағдайда көлікке қатысты кедендік баждар мен салықтардың бәрін төлеп, тиісті декларациясын тапсырып қана мемлекеттік тіркеуге қоя алады», - деді Нұрлан Намысов.


Соңғы жаңалықтар