+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ресейден әкелінген 250 көліктің мойнында сот ауыртпалығы бар болып шықты

2021 жылғы 18 қазан 12:22
Бөлісіңіз:
Ресейден әкелінген 250 көліктің мойнында сот ауыртпалығы бар болып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейден әкелінген 250 көліктің мойнында сот ауыртпалығы бар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды «Сарыөзек-Көктал» күре жолы жабылды - Алматы облысы Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады – Бейбіт Атамқұлов

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде осындай мәлімет келтірді.

«Қазақстандықтардың шетелден әкелінген көліктерді пайдалану мәселесін жалғастырсақ, осы жылдың тамыз айынан бастап ішкі істер органдары мен мемлекеттік кірістер органдары шекарада жатқан 7 өңірде Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан әкелінген көліктерге тексеру жүргізіп жатыр. Барлығы 8 мыңнан астам машина тексерілді. Көліктің қайда тіркелгенін және мойнында ауыртпалығы бар-жоғын екі органның қызметкерлері Ресейдің кеден қызметімен бірлесіп тексереді. Соның қорытындысы бойынша сот ауыртпалығы өтелмеген көліктердің әкелінгені анықталып отыр», - деген министрлік өкілі сөзіне дәлел ретінде бірнеше мысал келтірді.

«Мысалы, тамыз айында Ресейден әкелінген бір көлікті тіркеуге 100-дей шектеу қойылғаны белгілі болды. Сондықтан бұл көлік Қазақстанда тіркеуге алынбайды. Өйткені Ресейде тіркеуден шығарылуы үшін бүкіл ауыртпалықтары өтелуі керек», - дейді комитет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, мұндай проблемалар көліктердің жылын таңдамайтынын ескертті.

«Мұндай тәуекелдер ескі көліктерде де, жаңа көліктерде де кездесуі мүмкін. Қыркүйек айында 2020 жылы зауыттан шыққан Camry маркалы көлік анықталды. Үстінен 20-дан астам сот ауыртпалығы рәсімделген. Бұл көлік кейін Ресейдегі иесінің үстінен арызданушы тұлғаларға өндіріліп берілуі мүмкін. Жалпы 250-ге жуық осындай проблемасы бар автомобиль анықталды, - деді Серік Түсіпов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT