Ресейден 50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды

None
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.

Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.


Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар