+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ресейдегі жол апаты: Қаза болған қазақстандықтардың денелері бүгін жеткізіледі

2018 жылғы 29 қараша 15:02
Бөлісіңіз:
Ресейдегі жол апаты: Қаза болған қазақстандықтардың денелері бүгін жеткізіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ресейдің «Орынбор - Соль-Илецк» тасжолында қаза болған қазақстандықтардың денелері елге бүгін жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 28 қараша күні «Орынбор - Соль-Илецк» тасжолының Елшанка ауылы маңында ірі жол апаты болды. «Ман» маркалы жүк көлігі мен «Фольксваген Шаран» автокөлігі соқтығысты. «Фольксвагенде» жеті жолаушы болған, барлығы - Қазақстан азаматтары. Апат орнында бес адам мерт болып, тағы екеуі Соль-Илецк қаласының ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі - Қызылорда облысының тұрғындары.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты әлеуметтік желіге жариялап, қаза болған адамдардың туыстарын іздеу үшін жедел желіні іске қосты. Кейін ажал құшқан қазақстандықтардың барлығының тұлғасы анықталды.

«Қаза болған адамдардың туыстары Орынборға үш көлікпен кетті. Сағат 13:30-да денелері беріледі. Олардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тумасы. Қызылорда облысының әкімдігі Ақтөбеге көлік жіберді. Олар осы жерден алып кетеді. Денесін жеткізу кезінде «ҚазАвтоЖол» мекемесі мен полиция көлігі ілесіп жүреді. Жол-көлік оқиғасының нақты қалай болғанын анықтау мүмкін емес. Себебі, көліктің бөлшегі жан-жақта жатыр. Туыстарымен сөйлесіп, жеңіл көлік Ақтөбеден Орынборға бет алғанын білдік. Себебі, оқиға орнынан үлкен көлемде ақша табылды», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қаза болған адамдардың туыстары оларды ақтық сапарға шығарып салу үшін дайындық жүргізіп жатыр.

«Жол апаты туралы хабарды танысым телефон арқылы жеткізді. Ол кезде адамдардың жағдайы туралы ештеңе айтпады. Өзіміз қайта телефон шалып, қаза болғанын естідік. Ағам Серік Қауанов өз көлігімен таңғы сағат 7:00-де Ақтөбе қаласынан шығып кетті. Жол бойы телефон шалып, жақсы бара жатқанын айтты. Кейін бәрі үнсіз қалды. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен екен. Әрі ауа райы қолайсыз, тайғақ болды. Жолдың қақ ортасында жүк көлігі тұрған кезде ешкім де көлігін тоқтатып үлгермес еді. Артында үш баласы қалды. Мектепте оқиды, балабақшаға барады. Ал кішкентайы 7 айлық», - деді Серік Қауановтың інісі Мирас Тәнібергенов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT