Ресейдегі тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ-КАМЧАТСКИЙ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресей құтқарушылары Камчаткадағы тікұшақ апатынан қаза тапқан үш адамның денесін тапты. Ұшқыштың денесі Курил көлінен алып шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Курил көліндегі іздеу операциясына РФ ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Кроноцк қорығы, Камчатка өлкесінің күші жұмылдырылды. Ұшқыштың денесі жағаға шығарылды, тікұшақтың бөлшектеріне жақын маңнан тағы екі адамның денесі табылды. Жұмыстар күндіз жалғасады», - деп хабарлады Камчатка губернаторы Владимир Солодов Telegram-каналда.

Су астына сүңгитін құрылғының көмегімен жағалаудан 110 метр тереңдіктегі 500 метр қашықтықтан тікұшақтың корпусы табылды. Бір тәулікте көлдегі 5 мың шаршы метр, пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен 5 шаршы шақырым аумақ тексерілді.

Еске салайық, 12 тамызда Камчаткада 13 демалушы мен экипаждың үш мүшесі мінген Ми-8 тікұшағы құлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар