Ресейдегі сайлау учаскелерінде 3015 қазақстандық дауыс берді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдіктерінде ашылған сайлау учаскелерінде ҚР президенттігіне кандидаттар үшін дауыс беру аяқталды. Өз таңдау құқығын барлығы 3015 қазақстандық пайдаланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі ҚР-дың РФ-дағы елшілігіне сілтеме жасап.

Елшілік мәліметіне сәйкес, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде ашылған №265 сайлау учаскесінде 1477 қазақстандық дауыс берді.

Сондай-ақ Санкт-Петербургтегі №290 сайлау учаскесінде - 862, Омскідегі №292 учаскеде - 363, Астарахандағы №291 учаскеде - 209 және Қазан қаласында жұмыс істеген сайлау учаскесінде 104 адам дауыс берді.

"Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында ашылған 5 сайлау учаскесінде, яғни Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омскіде барлығы 3015 қазақстандық өз кандидаттары үшін дауыс берді", - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар