Ресейдегі оқ-дәрілер қоймасында 10 секунд сайын жарылыс болуда, зардап шеккендер бар

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Рязань қаласы маңындағы снаряд қоймасындағы өрттен 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қоймадағы өртті сөндіруге Ресейдің ТЖМ бірнеше мыңдаған әскери қызметкері, екі өрт танкі және броньды өрт көліктері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, өртті сөндіруге арнайы роботтар пайдаланылуда. Қорғаныс министрлігінің Ил-76 төрт ұшағы да апат болған жерге жіберілген. Желдің қатты соғуы және шамамен әрбір 10 секунд сайын болатын жарылыс өртті сөндіруге кедергі келтіріп, жағдайды қиындатуда. Өрт аумағы жайылып жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, өрттен 10 адам зардап шеккен.

Куәгерлердің айтуынша, бірнеше рет қатты жарылыс болған. Жарылыстан және ұшқан снаряд қалдықтарынан бірнеше ондаған үйлердің есік-терезелері қираған .

Рязанской областа Төтенше жағдай режимі енгізілді. Және өрт ошағынан 25 км аумақтағы елді мекендер эвакуациялануда. 10-нан аса тұрғын үй өртеніп кеткен.

Еске салсақ, Ресейде снарядтар қоймасы өртеніп, оқ-дәрі жарылып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қатты жел соғып, өрт артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау алаңына жайылған. Апатқа байланысты Кузьминка-2 елді мекенінің тұрғындары эвакуацияланды.



Соңғы жаңалықтар