+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ресейдегі Қорған облысының Макушин ауданында алғашқы қазақ сыныбы ашылды

2019 жылғы 8 қазан 18:22
Бөлісіңіз:
Ресейдегі Қорған облысының Макушин ауданында алғашқы қазақ сыныбы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Қорған облысының Макушин ауданында алғашқы қазақ сыныбының ашылуына орай Солтүстік Қазақстан облысынан делегация барып, әдістемелік оқулықтарды сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды 2020 жылы ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артады – министр Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді

Қорған облысында бүгінде 12 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады. Ересектер жағы ана тілін және ұлттық мәдениетті үкіметтік емес ұйымдардың құрамында қоғамдық қызметті жүзеге асыру барысында қолдануға мүмкіндік алса, балаларға қазақ тілін меңгеру қиындық тудыратын. Бұл мәселе енді шешімін тауып отыр.


Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының мәліметінше, игі бастамаға Қорған облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Қайрат Оралов мұрындық болды. Макушин ауданында қазақ сыныбының ашылу салтанатына өңірден тілдерді дамыту жөніндегі басқарма, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері кірген делегация барды.


Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы шекаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды мәселелерді талқылады.



«Қазақы дәстүр бойынша сынып оқушылары мен олардың ата-аналары бізді шашу шашып қарсы алды. Қазақ сыныбының ашылуы елдегі ұлтаралық келісімді бекітеді, екі облыстың ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты дамытады. Мұндай іс-шаралар әлеуметтік-саяси, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында өзара тәжірибе алмасуға мықты тұғырнама», - дейді делегация мүшелері.

Солтүстікқазақстандықтар Ресей қазақтары үшін құнды сыйлық - қазақ тілін үйрену бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсынды. Оқу құралдарының 50-ге жуық данасы оқушыларға тілді тиімді және тереңдетіп оқуға мүмкіндік бермек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT