Ресейдегі кентте тұрғын үйде болған жарылыстан кейін төтенше жағдай режімі енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Ростов облысында тұрғын үйде газ жарылып, соның салдарынан екі адам мерт болды.

Билік Ростов облысы Чистоозерный кентінде төтенше жағдай режімін енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ростов облысы Каменский ауданы Ленин көшесінде екі қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, соның салдарынан екі адам мерт болды және екеуі зардап шекті.

«Чистоозерный кентінде төтенше жағдай режімі енгізілді. Уақытша орналастыру бекетінде 13 адам бар. Оқиға орнында Ресей ТЖМ психологтары жұмыс істеп жатыр», - деді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар