Ресейдегі қазақтар Egemen Qazaqstan-ға жазылуға мүмкіндік алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі қандастарымыз «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуға мүмкіндік алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған басылымның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, Елбасымыздың Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында шеттегі, әсіресе, шекаралас елдердегі қандастарымызға ұлттық ақпарат құралдарымыздың таралуын тапсырған болатын. Осыған байланысты, біз біршама жұмыс атқардық. Соның нәтижесінде Ресейде «Егемен Қазақстан» газетін тарату жөнінде рұқсат лицензияны алдық. Баспасөзге жазылу бойынша катологқа енді. Енді жаңа жазылу маусымынан бастап Ресейдегі қандастарымыз «Егемен Қазақстанға» жазыла алады. Бұл - біздің ақпарат кеңістігіміздің, қазақ тілі кеңістігінің ұлғаюы деген сөз», - деді Дархан Қыдырәлі.

null Оның айтуынша, Ресейден бөлек Моңғолияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда еліміздің бас басылымын таратуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мемлекеттердегі Елшіліктерімізге де арнайы хат жолданған.
null  

«Қазір Қырғызстанда тілшіміз жұмыс істеп жатыр. Дүниежүзілік көшпелілер ойынынан көптеген ақпарат жібергенін білесіздер. Арнаулы тілші дегеннен шығады, қазір Түркістан облысы бөлініп шыққаннан кейін Шымкентте және Түркістан облысында меншікті тілші қарастырып отырмыз. Жақында жұмысына кіріседі. Сол сияқты біздің арнаулы тілшілеріміз қазір Еуропа елдерінде, АҚШ-та бар. Олар - Егеменде қызмет атқарған, қазір «Болашақпен» оқып жатқан жастарымыз»,- деді газет басшысы.

Соңғы жаңалықтар