Ресейдегі қазақ балалары Ақтөбеге келіп, ана тілін үйреніп кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ана тілі әлемі» халықаралық тіл лагерінде демалып жатқан балалармен және олардың ата-аналарымен кездесті. Ресейде тұратын қазақ балалары ана тілін үйреніп, салт-дәстүрмен танысып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық тіл лагері Ақтөбе және Орынбор облыстарының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Назарбаев зияткерлік мектебінде ашылған лагерьде Ресей Федерациясының

Санкт-Петербург, Орск қалаларында, Орынбор, Саратов, Омбы және Челябі облыстарында,
Алтай, Татарстан Республикаларында тұратын этникалық қазақ отбасыларынан шыққан отыз бала демалды. Жүздесу барысында облыс әкімі балалармен тілдесіп, екі өңірдің білім саласындағы ынтымақтастық жалғасатынын өтап өтті.
«Көңілді демалыс ұйымдастырумен қатар басты міндет сіздерге қазақ тілінде күнделікті қолданылатын қарапайым сөздерді үйрету, ана тілін үйренуге көмектесу болды. Бұл тек басы ғана. Екі өңір арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық әрі қарай жалғасатын болады. Мен сіздермен, сіздердің ата-аналарыңызбен сіздердің тілек-ұсыныстарыңызды тыңдау үшін кездесдім»,- деді Оңдасын Оразалин.

«Қазақ тілі» халықаралық орталығының Орынбордағы өкілдігінің төрайымы Сәуле Таикешова мен ата-аналар облыс басшылығына назар аударып, осы жобаны қолдағаны үшін ризашылықын білдірді. Өз кезегінде лагерьге қатысушылар тарихи Отанына сапардың маңызы зор екенін және көп әсер қалдырғанын айтты. Балалар лагерьде өткен демалыстары жайында қазақ тілінде баяндады.
Лагерьдің 12 күнге жоспарланған бағдарламасы оқиғаға толы болды. Қазақ тілін үйретуге, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруға басымдық берілді. Балалар ұлттық қолданбалы өнердің қыр-сырын, домбыра тартуды, жылқыға мінуді, ұлттық ойындар ойнауды
үйренді.

Бұдан бөлек, мәдени шараларға, өңірдегі киелі орындарға және т.б. саяхат ұйымдастырылды.

Сенбіде балалар Мәртөк ауданының көрікті жерлерін тамашалап, кейін үйіне қайтады. Кездесу соңында облыс әкімі балаларға естелік ашық хат пен кәдесыйлар табыс етіп, әрі қарай ана тілдерін үйренуде табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар