Ресейдегі карантин ақтөбелік шаруаларға кері әсерін тигізуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік шаруалар асыл тұқымды ірі қара малын шекарадан өткізе алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өңірлік кәсіпкерлік палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиын кезінде Ресей Федерациясының шекаралық аймақтарынан асыл тұқымды мал әкелуге тыйым салуы мәселесі қаралды.

Осы жылдың шілде айында ҚРАуыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының бірқатар облыстарынан, оның ішінде Орынбор, Саратов, Самара, Қорған, Челябі қалаларынан әкелінетін ірі қара және басқа жануарларды нодулярлы дерматит және аусыл ауруларына бейімдігі байқалуына байланысты ірі қара малды шекарадан өткізуге шектеу қойған еді.

Алайда бүгінгі жиында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына «Абылай», «РусАрт», «Тілеу», «Болат ЛТД» ЖШС секілді шаруа қожалықтары өтініш айтып, Ресейден асыл тұқымды мал әкелуге тыйым салу мәселесін шешуді сұрады.

«Өтініш айтқан шаруалар карантиннің кесірінен жабылып қалуы мүмкін. Ал «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруалардың асыл тұқымды мал алуы үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Ақтөбе филиалына 1,2 миллиард теңге тұратын 2421 бас ірі қара мал сатып алуға өтініш түсті. Қазіргі кезде 41 шаруашылықтың 1828 бас ірі қара мал сатып алуына несие берілді», - деді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Есімхан Құрманғазин.

Оның аутуынша, «Алға-Ескендір» шаруа қожалығы 40 миллион теңге несие алып, 15 шілдеде Самара облысындағы «Полянское» асыл тұқымды мал шаруашылығымен келісімшартқа қол қойған.  Ал 19 шілдедегі тыйым жоспарды бұзып, қазір «Полянское» шаруа қожалығы алдын ала төлемді қайтармай отыр. Себебі, келісімшарттың бұзылуына оларкінәлі емес көрінеді.

Өз кезегінде кәсіпкерлер несие қаражатын игеру мерзімін ұзартуды немесе Ресейдің карантинге жабылмаған аудандарынан мал әкелуге рұқсат беруді сұрады.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық палатаға осы мәселе бойынша ұсыныс берді. 

null 

Соңғы жаңалықтар