Ресейдегі халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы жарысты жалғастырады

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогінде қазақстандықтар сәтті ойын көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Турнирде 20 сәуірде Даниял Сәбит (49 келі) өзінің жекпе-жегінде сәтті ойын көрсетті. Ол қырғызстандық қарсыласын қапы қалдырып кетті. Аталған салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Теміртас Жүсіпов өзбекстандық боксшыға есе жіберді.

Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов румыниялық қарсыласының осал тұсын тапса, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов ресейлікті жеңіп кетті.

Сондай-ақ, 91 келіде Айбек Оралбай үндістандық боксшыдан мықты екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен 100- ге тарта боксшы келді. Қазақстан атынан 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды. Олардың арасынан 19 сәуірде Закир Сафиуллин 63 келіде қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Ал Оразбек Асылқұлов (57 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық төрт боксшы финалға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар