+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ресейдегі халықаралық турнирде екі боксшы жартылай финалға шықты

2021 жылғы 22 сәуір 23:26
Бөлісіңіз:
Ресейдегі халықаралық турнирде екі боксшы жартылай финалға шықты

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында бүгін екі қазақстандық жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Канело» Головкинге шарт қойды Геннадий Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

Алғашқы жолдама 60 келі салмақта түсті. Қазақстандық Бекнұр Ожанов үндістандық Вариндер Сингхті жеңді.

Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов таиландтық Вутичай Масукты тізе бүктірді. Осылайша жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.

Халықаралық турнирде бүгін 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысы Дилшод Рузметовпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен 100- ге тарта боксшы келді. Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды. Олардың арасынан 19 сәуірде Закир Сафиуллин 63 келіде қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT