Ресейдегі асуда апатқа ұшыраған автобуста 15 Моңғолия азаматы болған

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Алтай Республикасында аударылған шағын автобустың ішінде Моңғолияның он бес азаматы болған. Олардың он екісі зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің жедел қызметтері өкіліне сілтеме жасап.

«Шағын автобуста Моңғолияның 15 азаматы болды, олардың 12-сі жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды», - деді агенттікке сұхбат беруші.

Бұған дейін хабарланғандай, жол апаты бейсенбіден жұмаға қараған түні Таулы Алтай өлкесінің «Чике-Таман» асуынан түсер жерде,  Р- Р-256 "Шүй аңғары" тас жолының 659-шы шақырымында болған.

Өңірдің апат медициналары орталығы жарақаттанған 12 азаматты тікұшақпен Таулы Алтайға жеткізу жоспарланғанын мәлім етті. Зардап шеккен азаматтардың жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағалануда.


Соңғы жаңалықтар