Ресейде жүгері алқабына апатты жағдайда қонған ұшақта зардап шеккендер саны 76-ға жетті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - Мәскеу түбінде апаттық жағдайда қонған Airbus A321 ұшағында зардап шеккендер саны 76-ға жетті, соның 19-ы – бала. Бұл туралы кеше РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мәскеу облысының Рыбаки деревнясын жақын маңдағы жазыққа Airbus ұшағының апаттық жағдайда қонуына байланысты, Мәскеу уақытымен 20:00-дегі дерек бойынша 76 адам адам, соның ішінде 19 бала дәрігер көмегіне жүгінді», - делінген мәлімдемеде.

Министрліктің мәлімдеуінше, 69 жастағы әйел стационарлық ем-дом алып жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қалғандарға амбулаториялық көмек көрсетілген.

Бұған дейін 55 адам зардап шеккені хабарланған.

Еске сала кетейік, «Урал әуе жолдары» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Симферопольға ұшып шыққан.


Соңғы жаңалықтар