Ресейде жол апатынан Қазақстанның 5 азаматы мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес тұрғыны Ресейдің Орынбор облысында болған жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"28 қараша күні шамамен 13:00-де Ресей Федерациясы Орынбор облысы Ешанка ауылының маңында "Орынбор-Соль-Илецк" автожолының 52-шақырымында "Ман" маркалы жүк көлігі мен «Фольксваген Шаран» автокөлігі соқтығысты. Фольксваген көлігінде жеті жолаушы болған, барлығы - Қазақстан азаматтары. Апат орнында бес адам мерт болып, екі жолаушы Соль-Илецк қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі - Қызылорда облысының тұрғындары болған.

Соңғы жаңалықтар