Ресейде жол апатынан 3 адам қаза тауып, 40-тан астамы зардап шекті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Новороссийскінің маңында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі көлік те құздан құлап кетті. 40-тан астам адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Краснодар өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 44 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 12-сі – балалар.

Ресей ІІМ Бас басқармасының Краснодар өлкесі бойынша баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатынан көз жұмғандардың барлығы – жеңіл көліктің жолаушылары.

«Қаза тапқан әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі бала – жеңіл автокөліктің жолаушылары. Volkswagen Touareg автокөлігінің 1974 жылы туған жүргізушісі орташа ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.

Новороссийск мэрінің орынбасары Наталья Майорова ТАСС агенттігіне мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, бесеуі ауыр халде жатыр. «31 адам біздің ауруханада жатыр, арасында балалар бар. Бес адамның халі ауыр», - деді ол.

Автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы 7 тамыз күні кешке, Верхнебаканский ауылының маңындағы А-146 тасжолында болған. Соқтығысқан көліктердің ішінде 45 адам болды. Автобус «Эллада» шипажайына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар