Ресейде жоғалып кеткен тікұшақ табылды

None
None
ИРКУТСК. ҚазАқпарат - Құтқарушылар жексенбі күні Иркутск облысында жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағын тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі өңірлік іздестіру және құтқару орталығына сілтеме жасап.

«Тікұшақты Мәскеу уақыты бойынша сағат 06:03-те таптық. Оқиға орнына құқарушылар аттанды», - деді агенттікке сұхбат беруші.

Оның айтуынша, тікұшақ төңіректі аралап ұшып жүрген «Ангара» әуе компаниясының бортынан табылған.

«Басқа ешқандай мағлұмат жоқ», - деді орталық өкілі.

Жексенбі күні әуефототүсірілім жасауға аттанған «Ангара» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы байланыстан ажырап, радардан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында компанияның үш қызметкері болды.

Жексенбі күні тікұшақты іздестіруге Иркутск облысының Киренск қаласынан Ми-8 және Иркутск облысынан Ан-26 тікұшақтары аттанды. Күн батқаннан кейін іздестіру шаралары уақытша тоқтатылды. Бұған дейін дүйсенбі күні таңертең іздестіру аймағын тұман басып, авиация өкілдері жұмысты жалғастыру үшін ауа райының жақсаруын күткені хабарланған еді.

Дүйсенбі күні іздестіру шаралары қайта жалғасын тапты. Оған барлығы 40 адам қатысты.

Бұған дейін біз Ресейде тікұшақ жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. 

 

 

Соңғы жаңалықтар