Ресейде жоғалып кеткен АН-26 ұшағының сынықтары табылды

None
None
ХАБАРОВСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Хабаровск аймағында жоғалып кеткен АН-26 ұшағының сынықтары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұшақ сынықтары іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден табылды», - деді агенттік.
Хабаровск өлкесінің «Заповедное Приамурье» мемлекеттік табиғи қорықтары мен ұлттық саябақтарының біріккен дирекциясы ТАСС-қа Ан-26 сынықтарының табылғаны туралы ақпаратты растады.
«Ұшақтың құлаған жері табылды. Ол –Корфовский кентінің ауданында - деді дирекция. Дирекция жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының Большехехцирский қорығында «жолдан 3 км қашықтықта Корфовский ауданындағы таудың етегінде» құлағанын нақтылады.
Қазіргі уақытта сол жерге бару мәселелері шешілуде. Ұшақ ТЖМ тікұшағымен айналып ұшу кезінде табылды, бортта қорық дирекциясының қызметкерлері болған.
Большехехцирский қорықшасы Хабаровск аймағынан оңтүстікке қарай 15-20 км жерде, Үлкен Хехцир жотасының шегінде орналасқан. Оның ауданы – 45 мың га. Корфовский елді мекенінің әкімшілігі Хабаровскіден оңтүстікке қарай 12 км жерде, Үлкен Хехцир мен Кіші Хехцир жоталары арасындағы ойпатта қажет болған жағдайда еріктілерді жұмылдыруға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін айтты. Әкімшілік қызметкерлері төтенше жағдайдың куәгерлерін табу үшін адамдар арасында сұрау жүргізді, бірақ куәгерлер болмаған.


Соңғы жаңалықтар