Ресейде жеңіл моторлы ұшақ Еділ өзеніне құлады

None
None
РЕСЕЙ. ҚазАқпарат - Жеңіл моторлы ұшақ Еділ өзеніне құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

27 қыркүйек күні Ресейдің Нижегород облысы Кстовский ауданы Михальчиково ауылына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ өзенге құлап кетті. Бұл жайында Еділбойы көлік прокуратурасының сайтында хабарланды.

«Мәскеу уақытымен сағат 14:40 шамасында Еділ өзеніне ұшақ құлағаны жайлы хабар келді. Оқиға орнына Нижегород көлік прокуроры барды. Еділбойы көлік прокурорының тапсырмасымен әуе кеңістігін пайдалану заңдылығын және ұшу қауіпсіздігін тексеру басталды» делінген хабарламада.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екі адам көз жұмған.

«Қазір әуе кемесін жағалауға жеткізу жұмысы жүріп жатыр. Ұшақтың ұшуына рұқсат берілмеген. Ұшқыш ұшақты дұрыс басқара алмай, Еділ акваториясына құлап кеткен» дейді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар