Ресейде жасы жүзден асқан бес зейнеткер әлі күнге жұмыс істеп жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей зейнетақы қорында (РЗҚ) қазіргі таңда жасы жүзден асатын жұмыс істейтін бес зейнеткер туралы ақпарат бар. Бұл туралы ТАСС  РЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бізде бес адам бар. Біз оларды жұмыс берушінің төлеген сақтандыру жарналары бойынша жеке есеп жүйесі арқылы көріп отырмыз. Олардың көбі Мәскеуде және Мәскеу облысында, біреуі - Краснодар өлкесінде тұрады», - деді агенттіктің дереккөзі.

Жалпы, РЗҚ дерегі бойынша, елде жасы 100-ден асатын 16 мыңнан астам ресейлік  өмір сүруде. 

Соңғы жаңалықтар