+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирус вакцинасы тіркелді

2021 жылғы 25 қараша 14:05
Бөлісіңіз:
Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирус вакцинасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде жасөспірімдерге салынатын коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамы әлем биржасындағы бағаға әсер етті Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді Өткен тәулікте 1311 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Ресей Федерациясы 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ресми түрде тіркеді. Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы (ЭМҰЗО) жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцинасын қолдану құқығын алды. Бұл туралы аталмыш орталық басшысының орынбасары Денис Логунов мәлім етті. Қазан айының ортасында ЭМҰЗО директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина «Спутник М» деп аталатынын хабарлаған болатын. Жасөспірімдерге екпе ерікті негізде және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жасалатын болады.

Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың ауыр штамының қаупі бар екенін мәлімдеді. Олар B.1.1.529 штамының 32 ықтимал қауіпті мутациясын анықтады. Бұл өзгерістер белгілі SARS-CoV-2 нұсқаларына қарағанда вакциналарға төзімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар мутация патогенді антиденелермен анықтауды қиындатады. Әзірге бұл штаммен инфекцияның 10 жағдайы анықталды. Үшеуі Бостванда, алтауы Оңтүстік Африкада, тағы біреуі Гонконгта тіркелген. Сарапшылар толық зерттеуге дейін жаңа штамның қаншалықты жұқпалы болатындығы туралы ақпарат ұсынған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT