Ресейде үшінші күн қатарынан тәулігіне 25 мың адамнан коронавирус табылуда
Ресейде COVID-19 өршіп тұр. Көршілес елде үшінші күн қатарынан тәулігіне 25 мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр.
Өткен тәулікте 25 116 адамнан індет анықталып, 787 адам қайтыс болды.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресей Федерациясында 5,9 миллион адам ауырып, 147 655 адам көз жұмды.
Соңғы тәуліктегі вирус жұқтырғандардың жалпы санынан 4,5 мыңы - Мәскеуде, 2,5 мыңы - Мәскеу облысында, 1,9 мыңы - Санкт-Петербургте тіркелді.
Ресейде індеттің өршуі мен өлім-жітімнің артуы маусымның аяғы - шілде айының бас кезінде басталған болатын.
Грузия COVID-19 вирусына қарсы күрес аясында бірқатар шектеулер енгізіп жатыр.
19 шілдеден бастап тренингтерге, конференцияларға және семинарларға қатысуға тек коронавирустың жоқ екенін көрсететін ПТР-тест негізінде рұқсат етіледі.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған спорт турнирлері мен жаттығуларға қатысуға теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы ұсынылған кезде ғана рұқсат беріледі.
Грузиядағы COVID-19 жұқтыру фактілерінің нақты саны бүгінде 384 387-ге жетті.