+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Ресейде ұшақ әуеге көтеріле бере жерге құлады

2020 жылғы 20 ақпан 10:22
Бөлісіңіз:
Ресейде ұшақ әуеге көтеріле бере жерге құлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТАСС – Бейсенбі күні таңертең Ан-2 ұшағы РФ Магадан облысында әуе айлағына жедел қонды, себебі ол биіктікке көтеріле алмаған. Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ Магадан облыстық бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті Тоқтатылған әуе рейстерінің субсидиясы туристік бағыттарға бөлінді - Азаматтық авиация комитеті Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті

«Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде құлады. Онда 14 адам болды», - деп хабарлады агенттік дереккөзі. Облыс үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 11 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы дерегі бойынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында денсаулық сақтау министрі Сергей Чеканов жүр. Барлық жолаушылар аман-есен, тек жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады.

«Жедел жәрдем қызметі кәсіби түрде тез жұмыс істеді. Ешкім қаза тапқан жоқ, балалар болмаған. Қатты зардап шеккен бір науқас бар, ол қазір шокқа қарсы палатада жатыр», - деп атап өтті Магадан облыстық денсаулық сақтау министрлігінен.

Облыс билігінің алдын ала дерегі бойынша, ұшақ Магадан облысында Среднеканск қалалық округі аумағында жұмыс істейтін жеке компанияға тиесілі. Бортта вахтаға бара жатқан компания қызметкерлері болған.

Ұшақ Сеймчан кентіне баруы тиіс болған. Құтқарушылардың мәліметінше, ұшақ 10 метр биіктіктен құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT