Ресейде ұрланған көлік Шығыс Қазақстаннан табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясында ұрланған автокөлік Шығыс Қазақстан облысынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында тәртіп сақшылары «Skoda» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Көлік тізгінінде 27 жастағы ер адам болды.

«Тексеру барысында аталған көлік Ресей Федерациясы Челябинск облысы Магнитогорск қаласында ұрланғандар есебінде тұрғандығы анықталды. Автокөлік бірден арнайы тұраққа қойылған» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта осы фактіге орай материалдарды Ресей Федерациясына жолдау үшін алғашқы шаралар жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар