+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Ресейде университет жанында белгісіз біреу оқ жаудырды

2021 жылғы 20 қыркүйек 13:55
Бөлісіңіз:
Ресейде университет жанында белгісіз біреу оқ жаудырды

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, бірнеше адамды жарақаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирус жұқтырғандар жаңа максимумға жетті

«Дүйсенбі күні белгісіз адам университет ғимаратына кіріп, қарумен оқ жаудырған. Студенттердің бір бөлігі оқу дәрісханаларына кіріп тығылған. Кейбіреулері терезеден секіріп түскен», - деді агенттікке құқық қорғау органдарынан.

Аймақтың Денсаулық сақтау министрлігінен оқиға салдарынан 10-нан астам адам зардап шеккенін хабарлады.
«Сағат 11:00 шамасында (жергілікті уақытпен сағат 09:00-де) Пермь университеті кампусының аумағына қолына қару ұстаған белгісіз бір адам кіріп кетіп, оқ жаудыра бастады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Университеттің қабылдау бөлімі де атыс болғанын растады. Сегізінші корпуста студенттерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр. ЖОО-да барлық сабақтар тоқтатылған.
Тиісті мемлекеттік орган қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT