Ресейде тұрғын үйде болған өрттен 8 адам қаза болды

None
None
ЕКАТЕРИНБУРГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Екатеринбург қаласында тұрғын үйде болған өрттен сегіз адам қаза болды. Олардың арасында бір бала бар. Бұл туралы өңірдің Тергеу комитетінің Тергеу басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«12 қаңтарда құқық қорғау органдарына Екатеринбург қаласындағы Рассветная көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Қолда бар ақпарат бойынша өрт салдарынан 8 адам мерт болды, оның ішінде 1 бала бар», - делінген ведомство мәліметінде.

Кұтқарушылар үйден 90 адамды, оның ішінде тоғыз баланы эвакуациялаған. 1 және 2-дәрежелі күйік алған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды Қайтыс болған бала – 2013 жылы туған қыз.

«Барлығы 90 адам (оның тоғызы- бала) эвакуацияланды. Олардың 52-сі тыныс алу аппараты маскаларының көмегімен құтқарылды. Аяз боландықтан эвакуацияланған тұрғындар өрт сөндіру көліктеріне орналастырылды», - делінген ақпаратта.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған.

«Өрт сөндірушілер өрттің пәтерден тыс таралуына жол бермеді. Мәскеу уақытымен сағат 01:50-де өрттің таралуы тоқтатылып, сағат 02: 06-да толығымен сөндірілді. Оған тоғыз арнайы техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды, онда Свердлов облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының бастығы, ішкі қызмет генерал-майоры Виктор Теряев бар», - деп атап өтті ведомствода.


Соңғы жаңалықтар