Ресейде түнде көршілерінің шуына ашулаған тұрғын оларға граната лақтырған

None
None
СТАВРОПОЛЬ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Ставрополь өлкесіне қарасты Приэток ауылында ер азамат туған күнді у-шу болып тойлап жатқан адамдар тобына граната лақтырда деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агентігіне сілтеме жасап.

Ресейлік агенттікке оқиғаны Тергеу комитеті осылай түсіндірген.

«Көршілерінің қатты шулағанына наразы болған жергілікті тұрғын қақпаның сыртынан оларға граната лақтырған»,-деп түсіндірді тергеушілер.

Өңір губернаторы Владимир Владимиров өзінің Instagram парақшасында күдіктінің мас болғандығын айтты.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша бірнеше адамның өмірін қиюға оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар