Ресейде тіркелген көлік жол ережесін 84 рет бұзған - Өскемен полициясы

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жол ережесін 84 рет бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік қосымшасын пайдалануда.

Сол арқылы полицейлер «Сергек» камерасының видеоларын бірден көріп, жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген, техникалық тексеруден өтпеген, іздеудегі және айыппұлдарды қасақана төлемеген жүргізушілерді анықтай алады.

«Биыл қала бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3400-ден астам фактісі тіркелді. Сондай-ақ төленбеген айыппұлдары бар көліктер анықталды. Мәселен, полиция қызметкерлері осы қосымшаның көмегімен жол ережесін 84 рет бұзған Ресей Федерациясының тіркеу есебіндегі BMW көлігін тоқтатты. Жүргізушіге салынған жалпы айыппұл сомасы 2 миллион 400 мың теңгені құрады», - дейді полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі жол ережесін бұзу фактілерін анықтау үшін мобильдік қосымша қолданылатынын мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар